“ДҮРБЕЛЕҢ САЛУ, ҚОҒАМДЫ ОРТАҚ ІСКЕ ҰЙЫСТЫРУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ….”

146


Президент дәл солай деді…
Иә, бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның бірлігі жолында әділетті болуымызға үндеді. Әсіресе, әлеуметтік желіде желі сөзді желдіртіп, байбалам салғыштар үшін сабақ боларлықтай сындарлы ой айтты. Президент бүйдеді:

«Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс. Мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады.

Сонымен бірге барлық деңгейдегі билік өкілдері жұртшылықпен, әсіресе, беделді әрі жауапкершілігі жоғары белсенді азаматтармен тығыз байланыста болуы керек. Халықтың пікіріне құлақ асуы, ең бастысы, жедел және дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

Қазір мемлекет қордаланып қалған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мәжбүр. Азаматтардың басым көпшілігі мұны түсінеді. Бір жағынан, Үкіметтің көптеген саланы жанталаса реттеуіне тура келіп отыр. Екінші жағынан, еліміздің тұрақты дамуына мықты негіз қалыптастыруға тиіс»

Елдің бірлігі мен тірлігіне тұтқа болар азаматтар әркез шынайы шындыққа негізделген ақпаратпен бөліскені абзал деп санаймын.
Мемлекет басшысының онлайн бас қосуына Түркістан облысы әкімінің ооынбасары Бейсен Тәжібаев бастаған барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, Президент тарарынан айтылған келелі ой-пікірлерді бірге тыңдады.

Ерсұлтан Әмірбек
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы