“ПРЕЗИДЕНТ БИЫЛҒЫ АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗУДІҢ ӨЗІНДІК МӘНІ БАР…”

158


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысын онлайн өткізудің өзіндік мәні бар деп санаймын.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады.
Расында да Президенттің бұл шешімі қазіргі елдегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың ахуалын ескере отырып, дүйім елді бірлік пен ынтымаққа ұйыстыра отырып, оңтайлы қабылдаған оң шешімі болды деп санаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ынтымақ пен бірліктің бекем болуына, халықты ортақ іске жұмылдыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі орасан зор екенін айтып, болашақта да игілікті істердің бел ортасында болатынына сенім білдірді. Басшы біреу болсын, қалғаны оған тіреу болсын демекші, Президенттің баянды бастамаларына ҚХА әрқашан тірек болады деп санаймын.

Ерсұлтан Әмірбек
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер клубының төрағасы