ОТЫРАРЛЫҚТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

45

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталағында отырарлық спортшылар аудандағы «Ардагерлер» саябағына 400-ге жуық гүл көшеттерін отырғызды. Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа «Ардагерлер» атауы берілген. Бұған дейін саябаққа бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары тарапынан спорт мектептері мен мәдениет үйінің аумақтарына тазалық жұмыстары жүрді. Атқарылған жұмыстар барысында ғимараттар ауласындағы арық-атыздар тазаланып, ағаштар әктеліп ретке келтірілді.

Бүгінгі күнге дейін «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ» экологиялық акциясына облыс бойынша жалпы 352 мыңға жуық адам атсалысқан. Қазіргі таңда «Өнегелі ұрпақ» апталығында белсенді жастар мен ерікті азаматтар – ардагерлер мен жалғызбасты қариялардың үй аулаларында көгалдандыру және тазалық жұмыстарын атқарып жатыр.