«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АРЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

45


Арыс қаласы, «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен ОАОО-ның ерікті жастары еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, әлеуметтік көмек көрсетуде. «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында еріктілер қарттардың үй ауласын тазалап, алғыстарын алып жүр.
Қала жастарынан құралған еріктілер Арыстық тұрғын, Тилеубергенова Дариха ананың үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдем етті. Анамыздың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған қала жастары үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қораны шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығарып қолғабыс етті. Дария көңілді қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» дегенді нық ұстанған жастар «мақсатымыз — азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау» дейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі