БӘЙДІБЕКТІКТЕР ЭКОАКЦИЯДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖАТЫР

55

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Бәйдібекте тазалық жұмыстары жалғасуда. Аудан орталығы Шаяндағы көшелер, өзен жағалауы, ғимарат аулаларына сенбіліктер өтуде. Әкімдік қызметкерлері ретсіз өскен шөптерді ору, талдардың түптерін әктеу, қопсыту, қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқаруда. Тазаланған қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылды.

Экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі