Шымкентте «Өрт қауіпсіздігі» айлығы басталды

615

Жақында жылу беру маусымы басталады. Осыған орай тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында 18 тамыздан бастап Шымкентте «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды. Құрамына ТЖ департаментінің, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың, газ беру мекемелерінің қызметкерлері және еріктілер кіретін мобильді топтар қала тұрғындары арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Құтқарушылар алда жылыту маусымына жылыту құралдар мен жабдықтарды бүгіннен бастап дайындау керектігін еске салады. Мұржаларды уақытында тазалап, пешті ағартуды ұсынады. Қарапайым сақтық шаралары, өрт қауіпсіздігі мәселелерінде адамдардың жүріс-тұрыс мәдениетін арттыру жалғыз алдын алу шарасы болып табылатынын еске салады. Электрлік және басқа жылыту құрылғыларының жұмысын бақылау өте маңызды.

Өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған 2000-нан астам отбасыны газ сигнализаторларымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Өткен маусымда тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде табиғи газбен уланудың 5 жағдайы тіркелді, соның нәтижесінде 4 адам қаза тапты (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге, қаза болғандар — екі жарым есеге, зардап шеккендер — 33% — ға азайды.

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері өткен жылу беру маусымында өрттердің және табиғи және улы газбен уланудың алдын алу үшін аулаларды аралап, 308210 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда қайырымдылық көмек ретінде ескірген, пайдалануға жарамсыз электр сымдарын ауыстырып берді. Биылғы жылы бұл жұмыстар да жалғасын таппақ.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін еске саламыз!

Электр құралдары мен жылыту пештерін орнату кезінде абай болыңыз! Ақаулы розеткаларды, басқа электростатикалық заттарды пайдаланбаңыз. От жағылған пештерді қараусыз қалдырмаңыз, абайсызда қолдану қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздігі жағдайларына сәйкес келмейтін пештерді пайдалануға жол бермеңіз. Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.