ҚАЙНАРБҰЛАҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА,  «БОЗАРЫҚ» ИА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА, ШЫҒЫС АЙМАЛМА ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

271

Бүгін Шымкент қаласының әкімі  Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда  ауыз су тарту жұмыстарын тексерді.

Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ.

Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.

Биыл мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылады.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді дер кезінде түзетіп, жұмыс сапасын үнемі бақылап отыруды аудан әкіміне жүктеді.

 

«БОЗАРЫҚ» ИА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

Мемлекет Басшысы геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты нақты тапсырмалар берген-ді.  Бұл бағытта қаламыздың ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту арқылы қолға алу көзделген. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Қала әкімі индустриалды аймақтың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын тексерді.

Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққының құрылысы жүруде. Жұмыстың 46 пайызы орындалды. Сонымен бірге, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.

Ішкі және сыртқы жолдар үшін конкурс өткізілуде.

 

ШЫҒЫС АЙМАЛМА ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданындағы Шығыс айналма жолының құрылысын тексерді.

Бүгінде айналма жолдың құрылыс жұмыстары қарқынды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айналма жолдың ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты және ені — 60 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 28% орындалды.

Шаһар басшысы жұмыстардың межеленген мерзімде және жоғары сапада орындалуын тапсырды.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі