«ОТБАСЫДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

255

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың,  зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту. Күйзелістік жағдайлардың  алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.

Түсіндірме жұмыстары аудан жастарының қатысуымен өткізілді.

 

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Жасыл Ел»  еңбек жасақтары 14-29 жас аралығындағы жастардың жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру яғни, ағаш отырғызу, отау, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б. өз қаласын абаттандыру жұмыстарымен айналысады.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары қаламызда Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында өз жұмыстарын жалғастыруда.

Жұмыс уақыты аптасына 2 рет, сағат 9:00 — 14:00 уақыт аралығын қамтиды. Жалпы айына 8 рет жұмысқа шығады. Айлық көрсеткіші 60 мың теңгені құрайды.

Қазіргі таңда, «Жасыл ел»  еңбек жасақтары Абай ауданы бойынша 8 мөлтек ауданы, Әл-Фараби ауданы бойынша төменгі Отырар, Спортивный мөлтек ауданындарында Қаратау ауданы бойынша Нұрсәт мөлтек ауданына және Нұрсәт 2 абаттандыру жұмыстары жүргізілді.