СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

249

Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам елді мекенінің тұрғыны, ҰОС ардагері Қалмен Мұратұлын мерекемен құттықтап барды.

Аудан басшысы жүз жастағы майдангер ақсақалға облыс әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізіп, жүрекжарды ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар, Қалмен қарияға ауданның жомарт жандарының атынан автокөлік сыйға тарту етілді.

Өз кезегінде майдангер қария өзін мерекемен құттықтап келген азаматтарға көрсетіп жатқан ілтипаты мен қамқорлықтары үшін алғыс айтып, ақ батасын берді.

Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Соғысқа 1942 жылы 18 жасында аттанған. 1944 жылы Витебск қаласының маңында қолынан ауыр жарақат алып, госпитальге жіберілген. Елге екінші топтағы мүгедек болып оралған ол бірден еңбекке араласып, ұзақ жыл теміржол, ауылшаруашылық саласында еңбек еткен.

Бүгінде 6 ұл, 2 қыздан 32 немере, 85 шөбере көріп отыр.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі