ӨТКЕНІ ӨНЕГЕ — КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

45

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында ауданның «Алтын күз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Жалпы айтқанда, Сауран ауданы «Алтын күз» мерекесін мерейлі жүзбен қарсы алды. Бұл тамаша да жарқын мереке барша саурандықтардың дәстүрлі мейрамына айналып келеді.

Тарихи топырақта бой көтерген жаңа ауданның құрылғанына екі жылдан аса уақыт өтті. Аз уақыттың ішінде Сауран ауданы толықтай құрылып, облысымыздағы өзіндік орны бар аудандардың қатарына қосылып үлгерді. Салтанатты шараға қатысушыларды Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «Алтын күз» мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды дәстүрлі «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2023» мерекелік шарасында «Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруден және су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізуден» озат аудан атанып, мерейіміз тасыды.

Ардақты ағайын!

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей қашанда ынтымақта болып, еліміздің іргесін бірге нығайта берейік. Ендеше, мерекелік сәтте баршаңызды «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын!

Құт-мекеніміздің абыройы арта берсін! Баршамыздың өткеніміз – өнеге, келешегіміз кемел болсын!,-деді ауданы әкімі Мақсат Асылбекұлы.