АУДАНДА ЖАҢА 2 УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

101

Аудандағы екі ауылда талапқа сай учаскелік полиция бекеттері ашылды. Жаңа полиция пунктінің бірі — Бөген ауылдық округінде, ал екіншісі Шұбар ауылдық округінде орналасқан.

Бекеттердің ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев,

аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Елдің тыныштығын сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан. Азаматтардың құқықтарының сақталуына ішкі істер саласының қызметкерлерімен бірге қоғам да жауапты. Жұмыстарыңыз жемісті болсын. Елге адал қызмет ете беріңіздер»,- деді аудан әкімі.