«AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНА ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

101

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AL-FARABI» интеллектуалды ойынына тіркеу басталғанын хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты:

  1. Дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру;
  2. Білімге деген құштарлықты арттыру, жастарды табысқа жетер жолды білімнен іздеуге шақыру, елімізде зияткер буын қалыптастыруға үлес қосу;
  3. Логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге баулу;
  4. Жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықтты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып интеллектуалды ойын арқылы толығырақ насихаттау.

Қатысу шарттары:

  1. Әр аудан, қаладан келетін қатысушы командалардың санында шектеу жоқ. Командада 5 қатысушы болуы қажет;
  2. Классикалық киім үлгісі міндетті;
  3. Интеллектуалды ойынға қатысушылардың жасында шектеу жоқ;
  4. Команда қатысушыларының тізімін а.ж 25-мамыр күніне дейін talanttyjastar@mail.ru электронды мекенжайына жіберілуі міндетті;
  5. Ойынға барлық саланың мамандары қатыса алады.

Сайыстың талаптары:

  1. Интеллектуалды ойын қазақ тілінде өткізіледі;
  2. Топтардың қарсыластары жеребе арқылы анықталады.
  3. Сұрақтар логикаға негізделіп құралады;
  4. Сайыстың өтетін орны: 28 мамыр күні, Түркістан қаласы «Ақжайық» музыкалық мектебі. Басталу уақыты: 11.00.
  5. Финал: 29 мамыр күні, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында (Байбұрт 5 Амфитеатр) өтеді.

Байланыс нөмірі: +7 747 9039924 Айгерім Маратқызы