ШЫМКЕНТ: ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
2024 жылғы 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Senat open» шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті.
Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасы бойынша Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шымкент қаласы мәслихаты ұйымдастырылып өтуде.
Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары (бұрынғы шақырылымдағы депутаттарды қоса алғанда), Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен 120 өтінім түсті.
Турнирдің салтанатты ашылуында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б.М. Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.А. Құранбек, Қазақстан Шахмат федерациясының қаржы директоры А. Дамирұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шахматшыларды іріктеу барысында 7 мүшеден құрылған төрешілер алқасы құрылып, ойыншыларды қадағалады. Бас төреші Ә.Т. Яхияев.
Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей 1, 2, 3 – орындармен марапатталды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді.
Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен зейнеткерлер арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы грамотамен марапатталды.
Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді.
Іріктеуден өткен 25 үздік шахматшыға 18 маусым күні қала күніне орай Шымкент қаласында өтетін өңірлік (Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жартылай финалға жолдама берілді.
Жартылай финалдан өткен жеңімпаздары алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финалдық ойындарда бақтарын сынайды.