ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

375

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Мұрат Болатұлының төрағалығында өткен жиында Жетісай қаласының өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.

Жиынға аппарат басшысы мен қала әкімі, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.

Жетісай қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 2019 жылы жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жалпы сметалық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Мердігер мекеме «СтройЖолСервисKz» ЖШС-гі. 2021 жылы жобаның құрылысына республикалық бюджеттен 690,8 млн теңге қаржы қарастырылып, жыл қорытындысымен толық игерілген. Ал, 2022 жылға республикалық бюджеттен 1 млрд 415 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда қайта құру жұмыстары жұргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, Жетісай қаласындағы 1-ші және 2-ші мөлтек аудандарындағы көшелерді жарықтандыру үшін сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Жарықтандыру жұмыстары 2023 жылдың жоспарына ұсынылатын болады.

Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы көшесін жарықтандыру мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып қажетті қаржы көлемі анықталған. Қаржыландыруды қажет етеді. (Жалпы құны 5,7 млн. тг)Осыған орай, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсынылады.

Айта кетейік, аудан әкімінің Жетісай қаласы тұрғындарымен кездесу 29 қыркүйек күні сағат 10:00-де №1 М. Горький атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратында өтеді.