ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУІ 16 МАМЫР МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ

50


Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева соңғы қоңырауды тойлау кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері бойынша арнайы баспасөз конференциясын берді.
Биыл Шымкент қаласы бойынша 13 286 оқушы 11 сыныпты аяқтаса, 21 777 оқушы 9 сыныпты тәмәмдайды. Бітіруші түлектерге арналған аттестаттарды сатып алу үшін бүгінде бюджет есебінен 31 млн. 235 мың 674 теңге қаржы қаралып, тапсырыс берілген.

  • Биыл қала бойынша мектеп бітіруші 13 286 түлектің 12 066-сы ҰБТ тапсыруға өтінім білдірген. Биыл Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ қатысушы түлектердің деректер базасына тіркелуі 2024 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында жүргізіледі. Қатысушыларға аталған уақыт аралығына дейін тестілеуге 2 рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі, — деді Нұргүл Шәмшиева.

2024 жылығы ҰБТ қаламыздың 695 орындық «U-Study» 3 (үш) аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.
Атап айтқанда;

  1. Т. Рысқұлов к-сі, №175а, 119 орындық тест орталығы;
  2. 8-март к-сі, №22 296 орындық тест орталығы;
  3. Алматы тасжолы, №138/13 200 орындық тест орталығы.
    Барлық орталықтар қажетті техникалық құралдармен, сондай-ақ тест орталықтары жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, психолог және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.

Сондай ақ, биыл 11-сыныпты бітіретін 13 286 оқушының 458-і «Алтын белгіге» үміткер санатына енген. Ал «Үздік аттестатқа» 11 сынып бойынша 641 оқушы үміткер болса, 9 сыныптар бойынша 1158 оқушы үміткерлер қатарына кірген.

Биыл алғаш рет 5,6,7,8,10 сыныпта оқитын 116 649 оқушы 27-30 мамыр аралығында қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Емтихан тапсырмасын орындау үшін 180 минут беріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардан өткен тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес емтихан алынады. Сонымен қатар, биыл 9-10 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында ана тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша өткізіледі.
Ал, 11-12 сыныптың білім алушылары үшін бітіру емтихандары 2024 жылғы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді. Емтихан пәндері; ана тілі, математика, қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша жүретін болады.