ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

33


Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» футбол командасы респбликалық додадан жүлделі оралды. Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан өткен ҚР чемпионатында клубтың футбол командасы 3-орынды иеленді.
Орал қаласында өткен жарыста Қазақстанның 13 облысы, 6 ауданынан жиналған спортшылар бақ сынасты.
Спортшыларды күтіп алу шарасына Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бөлімінің басшысы Динара Жіпсібаева, қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» директоры Нұрланәлі Сыздықов қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі