ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР МЕРЕКЕЛІК ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

157

Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Балаларға қуаныш сыйлау әр ата-ананың міндеті болса, оларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы.

Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 1 маусым — Халықаралық Балаларды қорғау күнінде Астана қаласының «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлымен ерекше баланы мерекемен құттықтады.

Қазақстанның 30 жылдық елді мекенінің тұрғыны Елмұрат балақайдың шаңырағына арнайы барып, сый-құрметтерін тарту етті. Кездесу барысында Нұрлан Байжігітұлы балақайдың ата-анасына алғыс білдірді. Өз сөзінде — “Алла тағала ерекше сәби бергенде оны күтіп қарау, қамқорлық жасау үлкен сауапты дүние. Сіздерден Алла разы болсын, бала-шағаңыздың қызығын көріңіздер. Бұл баланың шарапаты, шапағаты болады сіздерге. Дүниеде ақыреттеде”, — деді имам.

Айтулы күнде қуанышқа кенелген балақай мен оның отбасы елімізге танымал Нұрлан Байжігітұлымен естелікке суретке түсті. Сөз соңында дін қызметкері Нұрлан имам отбасы мүшелеріне ақ батасын беріп, амандықта жолығуды тіледі.