ORDABASY: БАЛА-БАҚЫТ, БАЛА-БАЙЛЫҚ!
Бүгін аудан орталығындағы саябақта
«1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Жаздық алғашқы күнімен тұспа-тұс келген шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Раимкулов арнайы қатысты.
Мерекелік шара мектеп оқушыларының қолымен жасалған түрлі бағыттағы жобалардың, қолөнер бұйымдардың көрмесімен бастау алды. Аудан басшысы олардың әрбірімен танысып, шығармашылықтарына сәттіліктер тіледі.
Аудан әкімі мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ауданда балалар үшін жасалынып жатқан игі істерге тоқталды. Сондай-ақ бірқатар озат оқушыға алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде ауданның жас өнерпаздары балалар мен ата-аналарға әуелеген әсем әндер шырқап, би белеп, түрлі сахналық қойылымдар ұсынды.