КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

53
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтіп, бірқатар мәселелер қаралды.
Апталық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде ветеринариялық қызмет бөлімі, Ордабасы су шаруашылығы мен аудан көлемінде жастар саясатының биылғы жылға атқаратын жұмыс жоспарлары баяндалды. Одан бөлек “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында секторға бөлу жұмыс жүйесі таныстырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы аудан орталығын көгалдандыру, абаттандыру және “Таза Қазақстан” акциясы аясында қолға алынатын тазалық жұмыстары мен жоспарларды жіктеп, сектор бөлініс схемасына сәйкес жауапты тұлғаларды бекіту қажеттілігі айтылды. Орындалу жолдары баяндалды. Жалпы аудан орталығында 99 көше бар. Секторға бөлу негізінде межелеп бөлінген аумағына қарай көшелерге жауапты болмақ. Сондай-ақ, орталық көше бойларына ажар беретін гүлдер топтамалары мен ағаш көшеттерін егу бойынша ұсыныстар айтылды.
Аудан басшысы сала орынбасарлары мен ауыл округ әкімдеріне ауылдарда жүргізіліп жатқан тазалық, көгалдандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатпағанын сынға алды. Тұрғындардың қоршаған ортаға, тазалыққа деген сана-сезімін көтеріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыратын жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Онан соң көктемгі дала жұмыстарына тоқталып, бекітілген жоспарға сәйкес жер жырту жұмыстары өз мерзімінде аяқталуын және шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
Қосымша мәселелерде жан жақты талқыланып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Қоғамдық-саяси ахуал аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және тұрғындармен тиімді байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы тиянақты жұмыс жүргізу керектігі айтылып, жауапты басшыларға тапсырмалар берді.