«АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛА» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

66

Келес ауданында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Адамның бір қызығы бала» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы «НұрҚожа» салтанат сарайында ұйымдастырылған шараға аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев қатысып, бүлдіршіндерді арнайы мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

– Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор. Қымбатты балалар! Сіздер дамыған, байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңізден қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, жүректеріңізге тек мейірім мен шапағат тілеймін, — деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Мерекелік шара барысында өз өнерімен көзге түсіп, түрлі сайыстарда жеңіс төрінен көрініп жүрген бүлдіршіндер марапатталды. Салтанатты шара барысында жеке кәсіпкер, меценат Ұлбосын Қаржауқызы мен Айгүл Уалиханқызы өз құттауын жолдап, естелік сыйлықтар бүлдіршіндерге үлестірді. Шара барысы Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі