ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ЖАС СПОРТШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

187

Астана қаласында фунакоши-каратэден балалар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 350-ге жуық жас спортшы өз шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынады.

Еліміздің фунакоши-каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыста сайрамдық жас спортшылар 4 медалға ие болды. 5-6 жасар қыздар арасында 20 келі салмақ дәрежесінде Айлан Орал алтын медаль алса, осы салмақ дәрежесінде Қаракөз Исарулла күміс жүлдені қоржынға салды. Ал 9-10 жасар қыздар арасында Камшат Жарылқап күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, 11-12 жасар қыздар арасында 35 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақкенже Таныбек қола медальді қанағат тұтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі