КЕЛІСУ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

85

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Әл-фараби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында семинар-трениг өтті. Тақырыбы «ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі. Еңбек дауларын алдын алу және шешу бойынша келіссөздер жүргізу. Келісу комиссия жұмысын ұйымдастыру».

Келісім комиссиясы ұйымдардағы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін, сотқа дейінгі бастапқы орган. Комиссия мүшелерінің құрамы жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінен тұрады.

Семинарды ҚР Кәсіподақтар федерациясының дәріскерлер пулы мүшесі, еңбек заңнамасы бойынша эксперт Боранбаева Майра Қадірбекқызы жүргізді.

Семинарға аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарынын басшыларымен қызметкерлері, атап айтқанда: «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы», «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Су Ресурстары Маркетинг» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы, «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС кәсіподағы, Шымкент қалалық автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағы қатысты.

Боранбаева Майра Қадірбекқызы жиналған қауымға міндетті түрде кәсіподақ комитетінің қатысуымен кез келген келіссөздер жүргізу, күрделі мәселелерді, дауларды келіссөз үстелінде шешу ең ұтымды және тиімді болып табылатынын, кәсіподақ мүшелерінен құрылған келісім комиссиялары жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ келісімге келуіне өлшеусіз көмек көрсететінін баяндады. Өтініш беруші келісу комиссиясында еңбек дауы шешілмеген және комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, ол сотқа жүгінуге құқылы екенін айтты. Еңбек дауларын сотта қарау кезінде белгілі бір нюанстар мен ерекшеліктер де туындауы мүмкіндігін түсіндірді.

Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын, еңбек дауларының себептерін және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал туғызудағы, кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтудағы кәсіподақ ұйымдарының рөлін қорғау туралы жан-жақты айтылды.

«ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі. Еңбек дауларын алдын алу және шешу бойынша келіссөздер жүргізу. Келісу комиссия жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында дәріс алғаны үшін, арнайы се,ртификаттар табысталды.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар өздерінің еңбек заңнамасы саласындағы білімдерін тереңдетті.