ӘР САЛАДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АРДАГЕР ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылға үкіметтік емес ұйымдардың үздік әлеуметтік жобаларын мемлекеттік қолдау аясында ауданның қалыптасу кезеңінде жергілікті жерлерде түрлі салада еңбек еткен ардагерлері, зиялы қауым өкілдерімен “ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Жастарды ата-бабаларымыздың үздік халықтық дәстүрінде тәрбиелеу ісін ілгерілету мақсатында өткізілген рухани кездесудің маңыздылығы ерекше. Сырлы сұхбат, әдемі әңгіме, ыстық естеліктер айтылды. Ауыл ардагерлері аудан әкімінің алғыс хаты және сый құрметіне ие болды!