ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМДАРЫМЕН ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ
Жиынның негізгі мәселелері — маусым айының 16 жұлдызында өтетін «Құрбан айт» мерекесі бойынша және бүгінгі күнде жалғасын тауып келе жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жайлы болды.
- Мамыр айының 16 жұлдызында өтетін «Құрбан айт» мерекесіне арнайы ҚМДБ тарапынан 52 бағыттан тұратын іс-шара талқыланып, қала, аудандардың бас имамдарына арнайы тапсырмалар берілді.
- Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы бойынша қала, аудан имамдарына Дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы тарапынан біршама ұсыныстар талқыланды.
- Әр Жұма намаздарында «Таза Қазақстан» акциясы бойынша уағыз-насихат жүргізу;
- Қала, аудандардың бас имамдары «Таза Қазақстан» акциясын жергілікті тұрғындармен бірге сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, 1-2 минуттық бейнеүндеу жариялау. («Таза Қазақстан» эстафетасын жалғастыру);
- Өңірдегі мешіттерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтауға арналған бейнероликтер дайындап, жарнамаларды орналастыру;
- Діни бірлестіктерді аталған акцияға тұрақты жұмылдыру.
- Республикалық деңгейде танымал РАНТ мүшелеріне «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында үндеу жариялау, ұсыныстары ортаға тасталып, талқыланды.
Сонымен қатар мәжілісте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрі рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда дін өкілдерінің алатын орны ерекше екендігін тілге тиек етіп, бұл бағытта жемқорлыққа қарсы түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізу қажеттігі айтылды.