КЕНТАУЛЫҚ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

61

Кентау қаласындағы 200-ге жуық еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Оның ішінде қаладағы тазалық пен көгалдандыру, абаттандыру саласында үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан жұмысшылардың еңбектері еленді. Шара қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиынға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов нағыз еңбек адамдарының тынымсыз еңбектеріне тоқталып, алғысын жеткізді.

Шара барысында қаладағы коммуналдық салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан бірқатар жұмысшылар «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек, қала әкімінің және қалалық маслихат төрағасының Алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі