ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

157

Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері басқосты. Кездесу барысында биылға арналған іскер әйелдер кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Жиынға палата директоры Асылан Ибадуллаев, облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова мен қала-аудандардан келген кеңес төрайымдары қатысты.

Шара барысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының атқарған жұмыстары баяндалып, сұрақтарға жауап берілді. Айта кетсек, былтыр әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 376 әйел азаматқа кәсіпкерлікті қолдау бағытында кеңес беріліп, оның 120-сы оқыту курсынан өткен. Курсқа қатысушылар «Визажист», «СММ», «Тігін тігу», «Аспаздық», «Кондитерлік өнім өндіру» бойынша біліп алып, арнайы сертификаттарға ие болған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі