114 СПОРТШЫҒА АРНАЙЫ СПОРТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕРІ БЕРІЛДІ

641

Шымкент қаласы Қаратау ауданында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беру нормалары мен талаптары туралы» бұйрығына сәйкес аудандық комиссияның шешімімен спортшыларға арнайы спорттық разрядтар беріледі. Спорттық категориялар арасында жаттықтырушылар, әдіскерлер және төрешілер бар.

Ауданда 2021 жылдың шілдесіне дейін ауданның 114 спортшысына арнайы спорттық разрядтар берілді. Атап айтсақ, 2,3 разрядты спортшы, 1,2 және 3 жасөспірімдік-разрядты спортшы деген рязрядтар берілді.

Сонымен бірге, жаттықтырушыларға біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы деген біліктілік берілсе, әдіскерлерге біліктілігі жоғары деңгейдегі, орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер атты біліктілік санаттары берілді.

Аталмыш бұйрыққа сәйкес спортшылар біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі деген де спорттық санат дәрежесін алды.