ORDABASY: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТІМІ ТҮСІНДІРІЛДІ

74

Бүгін Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен пікір алмасу жиыны өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің БАҚ саласына жауапты маманы, аудан әкімінің баспасөз қызметінің маманы, ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің әлеуметтік желіге жауапты мамандары қатысты.

Кездесуге орталық директорының міндетін атқарушы Н. Сариев, орынбасары Е.Ақатаев, Бақ саласындағы заңдылықты бақылау бөлімінің маманы Болат Усербаев пен «Әлеуметтік желі мониторингі» бөлімінің басшысы арнайы қатысып, жауапты мамандарға әлеуметтік желімен жұмыс жүргізудің алгоритмін түсіндірді.

Қазіргі таңда қолына ұялы телефон ұстаған әрбір азамат әлеуметтік желіден парақша ашып, кез-келген ақпаратты, жаңалықты тарату мүмкіндігіне ие. Ақпараттар ешкіммен цензураға ілікпей, бей-берекет таралуда. Нәтижесінде адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпараттар тарауда.

Сала мамандары мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ресми парақшалар арқылы сыни материалдарға дер кезінде жауап берудің тиімді тұстарын әңгімелеп, оқырмандар санын арттырып, позитивті посттарды көбейтуді тілге тиек етті.

Мерзімді басылымдарда кездесетін қателіктерді айтып, түзету жолдары да түсіндірілді.

БАҚ-да және әлеуметтік желіде осы уақытқа дейін 183 434 ақпарат жарық көрген. Оның ішінде 180 738-і жағымды, 61-і сыни, 2 635-і бейтарап.

Жиында сала мамандары қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өтінштерін назарға алып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.