ORDABASY: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАДАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДА БОЛДЫ

74

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Бадам ауылдық округіндегі “Бөрте милка” сүт-тауарлы фермасында және “JNRAY GROUP” тігін фабрикасында болды.

Вице-премьер аталған кәсіпорындардың жұмысын оң бағалап, мемлекет тарапынан көрсетілген көмектердің тиімді және мақсатты жүзеге асырылып жатқанына алғысын білдірді. Сондай-ақ бірнеше адамды жұмыспен қамтып және отандық өнім өндіріп отыоған кәсіпорындардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесінің зор екенін ерекше атап өтті. Одан бөлек өндірістік қуаттылық арттыру бағытында жұмысты жандандыру мәселесі сөз болды.

Сондай-ақ Серік Мақашұлы кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың мемлекеттік қолдауға байланысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі