«JAS KENES SIYLYGY» БАЙҚАУЫ

90

Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді. Байқау жас мамандарды қолдау және ынталандыру мақсатында Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес белгілеген тәуелсіз жастар сыйлығы болып табылады.

Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істеп (басшы емес), жанқиярлық еңбек етіп жүрген жас мамандарға беріледі.

Сыйлық осы жылдан бастап жыл сайын келесі номинациялар бойынша беріледі:

— «Janqiarlyq», құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының өкілдері үшін;

— «Altyn jürek», орта медициналық персонал үшін (жедел медициналық көмек, акушерлер және т.б.);

— «Önerkäsıp», өңдеу өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, агроөнеркәсіптік сектордың, тамақ өнеркәсібі ұйымдарының қызметкерлері, энергетикалық сектордың және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін;

— «Bolaşaq turaly qamqorlyq», мектепке дейінгі, орта, орта-арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлері үшін;

— «Adamgerşılık», балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың және осындай әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың өкілдері үшін;

— «Kömek qoly», зардап шеккендерге және Қазақстанда және одан тыс жерлерде мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін көрсеткен еріктілер үшін;

— «Bızdıñ üi», коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтердің, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдардың өкілдері үшін.

Сыйлықты алуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен ҚР аумағында тұратын 35 жасқа дейінгі адамдар үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысуға өтінішті https://www.jaskenes.kz/application сайтында 2024 жылғы 18 маусымнан 21 шілдеге дейін беруге болады.

Конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз анықталады (әр номинация бойынша 2 жеңімпаз). Байқаудың жүлде қоры — 14 миллион (әр жеңімпазға 1 миллион).

Кеңестің қызметі мен марапат туралы толығырақ ақпаратты https://www.jaskenes.kz/ сайтынан біле аласыздар.