КЕЗЕКТІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

89

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында халықтың сұранысы бойынша Шұбарсу ауылы үшін жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып қуанышқа бөленіп жатыр!

Аудан орталығында халыққа қызмет көрсету орталығы бары мәлім, Шұбарсу халқының осы күнге дейін, осы істің болғанын күтіп, қайта-қайта сұраныс тастап жүрген болатын, сол мәселе бүгінде өз шешімін тауып, іске қосылды!

Ордабасы ауданында екінші халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуына үлкен септігін тигізген аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлына, Түркістан облыстық маслихат депутаты Ғани Райымбеков, Ордабасы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, депутат Есенғали Бөлебай мырза мен депутат Ғабит Оразымбетовке халық атынан үлкен алғыс білдіремін.

Шұбарсуда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады, мұнда электронды қызметтің 900-ге тарта түрі көрсетіледі!