ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

88

Бүгін өзім сайланған Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына табиғи газ берілді.

Менің сайлаушыларымның алдында берген уәделерімнің бірі елді мекендерді табиғи газға қосу болатын. Осы орайда жоспарланған жұмыстарым орындалуда.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы және өзім сайланған округтің депутаты ретінде, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледік.

Өз кезегінде тұрғындар көгілдір отынды ұзақ күткендерін айтып, игі істі қолға алған аудан басшылығына алғыстарын жеткізді.

Бейсен ауылына газ тарту жұмыстары 2020 жылы басталып, жалпы ұзындығы

7 шақырымнан асатын құбыр тартылған. Қазіргі таңда ауылда 363 адам тұрып жатыр. 51 абонент бар.

Мыңға адамға жуық тұрғыны бар Мақташы ауылындағы газ тарту жұмыстары 2021 жылы басталған. Он шақырымнан астам құбыр жүргізіліп, бүгінде 174 абонент үйлеріне газ тарту шаруасына кіріскен.

Ақжол ауылында 748 адам тұрып жатыр. 124 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының ұзақтыңы 9 шақырымға жуықтайды.

Алдағы уақытта қалған ауылдар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.