КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНА – 10 ЖЫЛ

317

Шымкент қаласының мәдени ошағы – Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл толды. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда.

Орталықта он жыл ішінде өткен 378 көрменің 50-ден астамы халықаралық деңгейдегі іс-шаралар. Африка елдерінің, «HALAL EXPO» , «Poneton», «Worldskills», Иран Ислам Республикасының, Өзбекстан Республикасының, «AgriTekShymkent» халықаралық көрмелері жергілікті бизнес өкілдерінің әріптестік байланысына жол ашты. Елдің ерекше қызығушылығын туғызған «KAZDENTEXPO-ЮГ» халықаралық стоматологиялық көрмесі де орталықта жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Көрмеде тұрғындар денсаулықты жақсартуда пайдалы кеңестер алып, кәсіпкерлер озық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік алады. , көлемі 2 мың шаршы метрді алатын «Көрме» орталығы әкімшілік-іскерлік орталығы маңында орналасқан. Орталықтың негізгі қызметі барлық сала бойынша көрмелер өткізуді қамтамасыз ету, халық-шаруашылық жетістіктері туралы білім мен ақпаратты насихаттау, тарату және жариялау болып табылады.

Мекеменің 10 жылдық мерейтой қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен Тәжікстан елінің құрылыс көрмесі және Түркия елінің брендтік киімдер көрмесі ұйымдастырылып, тауарлар халыққа тиімді бағада ұсынылады. Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл толды. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда.

Атап өтсек, көлемі 2 мың шаршы метрді алатын «Көрме» орталығы әкімшілік-іскерлік орталығы маңында орналасқан. Орталықтың негізгі қызметі барлық сала бойынша көрмелер өткізуді қамтамасыз ету, халық-шаруашылық жетістіктері туралы білім мен ақпаратты насихаттау, тарату және жариялау болып табылады. 2013 жылы іске қосылған мекемеде түрлі үлкен дәрежедегі көрме жәрмеңкелер, бизнес-форумдар, конференция, семинарлар ұйымдастырылып келеді.