ТЕЛЕФОН БАЛА РУХАНИЯТЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗИЯН

50

Телефонға тәуелділік қазіргі заман дертіне айналды. Ол аздай телефонда еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін қызықтыратын түрлі қосымшалар мен арнайы порталдар саны күн санап артып келеді. Дәрігерлер мен сарапшылар оның адам азғасына қаншалықты зиян екенін айтса да, оны елеп-ескеріп жатқандар кемде-кем.

Телефонды ұзақ пайдалану да баланың психикалық күйіне, әлеуметтік бейімделуінде қиындықтар туғызады.

Айта кету керек, балалардың әлеуметтенуі туғаннан жасөспірімдікке дейін жалғасады. Бұл ретте мектепке дейінгі және мектеп кезеңі маңызды рөл атқарады. Себебі, бұл кезеңде бала қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауды, қоғамда өзін қалай ұстау керектігін, әдептілік нормаларын меңгереді, интеллектуалдық дамуы, әлеуметтік дағдылары қалыптасады.

Ал гаджеттер қазір қоршаған ортаны қабылдайтын баланың толық әлеуметтенуіне кедергі жасайды. Телефон «ішке кіріп» және сыртқы әлеммен байланысы үзілгендіктен, ол басқалармен қарым-қатынаста күрделі проблемаларды тудыруы мүмкін.

Мектепке дейінгі әлеуметтену, ең алдымен, отбасында басталады. Сондықтан бұл кезеңде ата-аналардың балаларымен көбірек уақыт өткізіп, әртүрлі үйірмелерге бірге баруы, ұжымдық ойындарға қатысуы, олардың спортқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру маңызды. Ең бастысы, гаджеттерді мүмкіндігінше аз пайдалану арқылы ата-аналардың өздері балаларына үлгі болуы керек.

Рас, балаларды телефоннан мүлдем айыру да дұрыс емес. Өйткені олардың пайдасымен қоса зияны да көп. Заманауи гаджеттер бере алатын мүмкіндіктер балаларға жаңа білім алуға және оқу процесінде көмектесуге көмектеседі.

Балалардың денсаулығына зиянын тигізбеу және жат идеялардың жетегінде кетпеу үшін телефонды қанша уақыт және қандай мақсатта пайдаланып жүргенін бақылау маңызды.

Балалардың телефонға қатты әуес болуының бірден-бір себебі – ата-ана арасындағы қарым-қатынастың аздығы дейді психолог мамандар. Өзін жалғыз, дәрменсіз, елеусіз сезінген кезде оның ең жақын досы электронды құрылғы болатыны сөзсіз. Маманның айтуынша, баладан телефонды бірден түбегейлі бас салып тартып алуға болмайды. Бұл оның ашушаң болып өсуіне әсер етеді екен. Бастапқыда кешкі сағат 21.00-ден кейін смартфон қарамаймыз, тәулігіне 5 сағаттан артық телефон ұстауға болмайды деген секілді аздаған шектеулер енгізу керектігін айтады.

Бір қызығы, айфонның атасы Стив Джобс өзінің, отбасы мүшелеріне үй ішінде смартфон қолдануға тыйым салып, бос уақыттарын кітап окуға жұмсайтын қатаң үрдіс қалыптастырса, дүниежүзілік технология магнаты Билл Гейтс агылшынның «ТНЕ MIRROR» басылымына берген сұхбатында, балаларына 14 жасқа жеткенге дейін телефон ұстатпайтынын айткан. Оның сыртында, телефон пайдалану уақытын шектен асырмауды катаң қадағалайды екен.

Зерттеуге сенсек, қазір жеткіншектердің 80 пайызы өмірін телефонсыз елесте аламайды екен. Оған көпшілікке жүргізген сауалнама нәтижесі дәлел.

Әлемдік ғалымдардың пікірінше, смартфонды шамадын тыс пайдалану көз жанарын құрту мен мидың қызметін бұзудан бөлек, обыр ауруына дейін шалдықтыруы мүмкін екен. Сорақысы сол, оның қауіптілігі есірткі мен түрлі психотроптық заттардан да зиян дейді дәрігерлер. Сол себепті мамандар баланы әсіресе өтпелі кезеңде қатаң бақылауға алу керек дейді. Айтпақшы, дәл қазір балаңыз немен айналысып отыр?

 

Ә.Болат

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы