“Армандар орындалады” акциясы өз жалғасын тапты

122
Түркістан облысындағы қоғам белсендісі Әсел Бимырзаеваның ұйымдастыруымен «Армандар орындалады» кезекті акциясы ұйымдастырылды. Балалар әрдайым үлкендердің қамқорлығы мен қолдауын сезінулері керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен етене араласып, өзіндік орындары бар екендіктерін жете түсінулеріне жағдай жасау назардан тыс қалмау қажет.
Балалардың барлық жағдайлары барынша ескере отырып, (денсаулық, әлеуметтік, отбасылық жағдайлары, жас ерекшеліктері) қоғаммен бірге жайлы өмір сүруге талпындыру, қамқорлықты сезіндіре отырып, балауса жүректеріне мейірім дәнін себу акцияның басты міндеті болды.
Акция үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тысқары, елеусіз қалмайтындарын ұғындыру, өмірлеріне өзгеріс енуі үшін қарапайым армандарын орындау арқылы қызығушылықтарын арттыру және үнемі жақсы дүниеге ұмтылуы үшін көмекке келетін жақсы адамдардың бар екендерін сезіндіру мақсатында ұйымдастырылған.