Түркістанда мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 13,4 млрд. теңге бөлінген

119

Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдарды және аға ұрпақты әлеуметтік қорғау мәселелері барысында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Түркістан облысында 98 760 мүгедектігі бар азаматтар (83746 ересектер, 15014 балалар) есепте тұр (облыс халқының 4,6%), республикадағы мүгедектердің 14% құрайды. Биылғы жылы облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 13,4 млрд. теңге бөлінген. Осы ретте қаралған қаржылар есебінен 36 521 техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды немесе қажеттіліктің 72  пайызы орындалған.

Жалпы мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Қазастан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Қоғамда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бар. Оның ішінде, әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға және  мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке. Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне, кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға және инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне құқығы бар. Бұдан бөлек, өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге, мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.