Түркістанда мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі жоғары

59

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз.  Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік қызметтер порталының тізілімінде 245 өнім беруші бар, оның ішінде 21 ымдау тілі маманы, 19 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 146 оңалту техникалық құралдары және 59 ұйым санаторий-курорттық емдеу қызметін қамтамасыз етуге арналған. Мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазастан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:  

  • әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
  • мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
  • кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
  • инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
  • өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
  • мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.