Қазақстанда инклюзивті қоғам дамуының негізі қандай?

44

Түркістан облысының тұрғындарының назарына нклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында жаңа әлеуметтік жоба жүзеге асырылмақ. Жоба қоғамда әлсіз топтардағы азаматтарды кемсіту деңгейін төмендету, мүгедектігі бар қазақстандықтардың теңдігі, мүмкіндіктері бойынша диалогты ұйымдастыруға бағытталған. Жобаны таныстыру барысында, – «Қазірдің өзінде біз мүгедектігі бар ересек адамдардың бала кезінде кемсітушілік фактілерін бастан кешіргенін жиі байқаймыз. Олар қоғамнан оқшауланады, олардың әлеуметтік байланыстары бұзылады. Әлеуметтік оқшаулау процесі жүреді. Иә, олар мемлекеттік жәрдемақы алғанымен, үйде отырады, олардың достары өте аз», – деді «Қорған-М» ҚБ төрайымы Диана Қырғызбаева.

Спикердің айтуынша, биыл олар инклюзивті қоғам құру мәселелері бойынша жұмыс істейтін мамандарға арнайы семинар-тренингтер өткізеді. – Барлығы отбасынан басталады. Сондықтан инклюзивтік тәрбиеге ерте жастан ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, біздің қызметкерлеріміз балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің төменгі сынып оқушыларына инклюзивті білім берумен айналысады. Мұндай балалар өскен кезде мүгедек адамдарды кемсітуге жол бермейтініне сенімдімін, – деді Диана Қырғызбаева. Биыл ұйымдастырушылар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында диалог алаңын өткізуді жоспарлап отыр. Белгілі болғандай, жоба аясында жас қазақстандықтар үшін семинарлар өткізіліп, онда «тең-теңімен» қағидаты бойынша инклюзивті қоғам құру туралы айтылады деп күтілуде. Бірақ… Алдымен, біз, инклюзивті қоғам дегеніміз не деген сұраққа жауап іздегеніміз дұрыс сияқты.

Біз «инклюзия» дегенді тек мүмкіндігі шектеулі жандармен ғана жұмыс істеу деп түсінеміз. Алайда бұл қате пікір. Шын мәнісінде инклюзия – бұл қоғамдағы барлық адамдарды интеграциялау  қатынасы, яғни дискриминация  түсінігіне кереғар ұғым. Инклюзия барлық индивидтерді  біріктіру, тұлғалық қасиетті айқындау, сыйлау қағидасымен үндеседі. Сонымен қатар инклюзия – білім беруді қамту, әлеуметтік қамту, қосу және алып тастау мағынасында көрініс береді. Айталық білім беруді қамту – бұл педагогиканың тұжырымдамасы. Онда әр бір адам әр түрлі және өзіндік ерекшеліктеріне  қарамастан, сапалы білім алуға бірдей құқылы деген принциппен жүзеге асады. Демек, инклюзивті білім беру – біз айтып жүргендей мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру ғана емес, олардың және басқа да адамдардың тең дәрежелі құқығын айқындайды. Ал әлеуметтік қамту, яғни әлеуметтік инклюзия – бұл әлеуметтік сегрегация немесе маргинализация  жағдайына ұшыраған адамдарға немесе адамдар тобына қоғамдық өмірге толық қатысуға мүмкіндік беру процесі. Әлеуметтік қамтудың мақсаты, әртүрлі жағдайларға байланысты қауіпті жағдайға тап болған адамдардың, өмір сүру жағдайын жақсарту және оларға саяси, білім беру, экономикалық немесе қаржылық деңгейде бірдей мүмкіндіктер ұсыну, халықтың әлжуаз топтары үшін еңбек, денсаулық, лайықты тұрғын үй, білім, қауіпсіздік мүмкіндіктерін қарастырады. Демек, инклюзивті қоғам адам дамуында проблемаларды түзетуге бағытталған әрекеттер жиынтығы және әр түрлі топтарға жататын адамдарды олардың өмірі мен дамуы үшін бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатындай етіп біріктіруді білдіреді. Осы орайда Қазақстандағы инклюзивті қоғам дамуының негіздері қандай дегенге келетін болсақ.