Түркістан облысындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бағдарламалар
Түркістан облысындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қоғамның дамуы үшін маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында көптеген мемлекеттік және қоғамдық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл мақалада Түркістан облысындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бағдарламалар мен олардың нәтижелері туралы толық ақпарат беріледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету сапасын жақсарту міндетін қойды. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі бұл бағыттағы шаралар жоспарын әзірлеп, жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде балаларға арналған шағын және орташа оңалту орталықтар желісін арттыру т.б. іс-шаралар қолға алынды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
«Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», — деді ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке осы мақсатта үш жыл ішінде кемінде 58 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 690,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Олардың ішінде 61,5% еңбекке қабілетті жаста, 25,6% зейнет жасындағы азаматтар, 12,9% 18 жасқа дейінгі балалар (89,4 мың), оның ішінде жүйке жүйесінің ауруы бар балалар 26,5 мың болса, олардың 17,4 мыңы церебралды сал ауруына (БЦС) шалдыққандар.