Мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы маңызды

55

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы жайында мәліметтерді ұсынамыз. Бүгінгі таңда осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамту практикасы жұмыспен қамту органдары арқылы бос орындарға жұмысқа орналастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуді, жұмыс орындарын квоталауды, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруды, еңбек нарығында талап етілетін дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқытуды, қайтарымсыз гранттар беруді, жастарға шағын кредит беруді, сондай-ақ субсидияланған жұмыс орындарына жолдама алуды қамтиды. Бұдан басқа, еңбек ресурстарын дамытуда бүкіл халыққа арналған оқытудың цифрлық нысандарына баса назар аударылды. Бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды онлайн режимде Қысқа мерзімді оқытудың бірыңғай порталы жұмыс істейді.

Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау жөніндегі шараларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр (жұмыс берушілердің оларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін күшейтіп, заңнамалық нормаларды орындау міндеттілігін бекіту, сондай-ақ квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің өтемақы жарналарын төлеу туралы нормалар енгізу көзделеді). Мүгедектігі бар адамдардың белсенді еңбек қызметін арттыру үшін қосымша шаралар Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы шеңберінде көзделеді.

Мехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар балалар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі енгізілді. Бұл ретте жылына бір білім алушыға білім беру процесінің шығыстар нормасы екі есеге ұлғайтылды.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер көзделген:білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы;мемлекеттік гранттарды бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім алуға арналған конкурсқа қатысқан кезде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда I және II топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмеген мүгедектігі бар балалардың басым құқығы болады;мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектігі бар адамдарды стипендиялық қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер.Биыл Оқу-ағарту министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау квотасын ұлғайту бөлігінде тиісті құқықтық актілерге өзгерістер енгізеді.