Мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері қандай?

55
Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мәліметтерді ұсынамыз.
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар: әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға; мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге; Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке; арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне; кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға; инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне; өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
Мүгедектігі бар адам: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзінің денсаулығының жай-күйі туралы толық және анық мәліметтерді беруге; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, скринингтік зерттеуден өтуге; жеке бағдарламада ұсынылған іс-шараларды орындауға; әлеуметтенуге және қоғамға интеграциялануға қатысуға міндетті