Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту маңызды
Түркістан облысының тұрғындарының назарына «Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін ажырату мақсатында келесі анықтамаларды ұсынамыз. Өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай. белгісіз болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». Бұл жағдайда адамға міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді — бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінез құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: — мүмкіндіктері шектеулі балалар; — мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; — қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар