Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды педагогикалық қолдау маңызды

55

Түркістан облысының тұрғындарының назарына инклюзивті білім беру даму үстінде – мектепке дейінгі және орта білім алу үшін, даму бұзылыстарын түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін, сапалы білімге деген қолжетімімдікті барлық балалар үшін: денсаулығында қиындықтары бар қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар қамтамасыз ету мақсатында жағдайлар жасалуда. Мүмкіндігі шектеулі балалар, тегін әлеуметтік және медициналық педагогикалық қолдаулар алуға; мемлекеттік медициналық мекемелерде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінде тегін тексеруден өтуге; Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық
көмектер алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы ауытқушылықтардың көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналық педагогикалық түзету алуға құқылы. Қазіргі қоғамды трансформациялаудағы заманауи процесстердің өз кезегінде балаларға қатысты әлеуметтік саясатта да қарама-қайшылықтарды тудыратыны белгілі.

Балалар құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша конституциялық және
басқа да заңнамалық кепілдіктер мен олардың іс жүзіндегі орындалуы арасында
көптеген қайшылықтар болып жатады. Бұл қайшылықтар, әсіресе жетім қалып, әртүрлі типтегі интернаттық мекемелерде тұруға мәжбүр болған балаларға қатысты мәселелерде қатты байқалады.  Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің мазмұны оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік пен әрекеттестікті нығайтуға ықпал ету. Қолдау қызметінің әрекеті бала дамуындағы кез келген проблеманы шешуде кешенді, пәнаралық тәсілдеме, білім беру процесінде бала дамуын 17 үздіксіз қолдау, қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау, психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша іс шараларға ата-аналарды, педагогтар мен балалар ұжымын белсенді қатыстыру қағидаларына негізделеді.