Патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық
Түркістан облысының тұрғындарының назарына қоғамдағы масылдық бойынша ақпараттарды ұсынамыз. Сананы тұрмыс билеген уақытта қоғам тіршілігіндегі жағдайлардан қалыптасқан масылдық психологиясынан Президент Қ.Тоқаевтың еңбексүйгіш, мемлекетке пайда әкелетін адамдардың көп болуы үшін қоғамдық сананы қалыптастыруымыз керек дегенін дәл осы мәселенің тиімді шешімі ретінде қарастырамыз. Себебі өзіне емес, мемлекетіне арқа сүйегендер саны артса, жоғарыда атап өткен қағидат бұзылып, «мемлекет маған не бере алады?» деген принцип қалыптасады.
Әлеуметтік-демографиялық даму мәселелерін қамтамасыз ету, патерналистік көңіл күй мен масылдықты төмендету, қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы инклюзияны, барлық азаматтардың өзара құрметтеу, теңдік құндылықтарын жалғастыру мен бекіту мәселесі уақыт өтсе де, өзектілігін жойған емес.
Әлеуметтік-демографиялық саладағы проблемаларды шешу үшін мемлекетімізде «масылдық психологиясындағылар көбейді» деген дақпыртты үдетуге де болмайды. Еңбекке бейімділікті қалыптастыратын, санаға сілкініс әкелетін адами капиталға жіті көңіл бөлінсе, жұмыссыз жүргендердің потенциалын ашуға көмектесетін қоғамдық ұйымдар жұмысы жанданса, Мемлекет басшысы бекіткен инновациялық стратегия мен ортақ міндет, ортақ мүдде ғана жарқын болашаққа жетелейді.
Жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикада нәтижелілік қана көрініс табуы қажет. Бұл еңбек күшінің артуы үшін ынталы жастар цифрлы технологиялар мен биоинженерия дамуындағы революциялық өзгерістерге де сақадай сай болу керегін ұқтырады.
Сарапшы мамандардың «пандемия кезеңінен кейін жұмысынан айырылғандар саны еселеп арта берсе, ел экономикасы біртіндеп құлдырайды» деген кеңесін есте ұстаған жөн. Себебі адамдардың белсенділігін оятып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ынтымақтастығын күшейту экономикалық саясат пен әлеуметтік-демографияны жандандырып, халықтың масылдық психологиядан арылуына жол ашады.