Білім саласы бойынша 11 нысанның құрылысына қаржы бөлінген

307

Шымкент қаласында білім саласы бойынша 11 нысанның құрылысына қаржы бөлінген. Оның ішінде 4 мектептің ғимараты жаңа оқы жылына дейін іске қосылады, деп хабарлайды Ara24.kz.

Білім саласы бойынша 11 нысанның құрылысына қаржы бөлінген. Оның ішінде 4 мектептің ғимараты жаңа оқы жылына дейін іске қосылады. Мәдениет және спорт салаларында 5 нысанның құрылыстары жоспарланып, оның екі нысаны пайдалануға берілді.

Жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша екі медициналық ұйым мен Сайрам тұрғын алабында өрт сөндіру депосының құрылыстарын жүргізу жоспарланып, іске асырыуда.

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының алты айда айтқарған жұмыстарын талдаған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов құрылыс қаланың дамуына ықпал ететін маңызды сала екендігіне тоқталды. Құрылыс жүргізу қала экономикасының дамуына тұтастай әсер етіп, бизнестің құрылыс нарығына бейімделуі жүзеге асатынын, оның ішінде құрылыс материалдарының өндірісі қарқын алатынын атап өтті. Қаланың тіршілігі жылжымайтын мүлік нарығы арқылы өрбитінін еске салған қала басшысы, құрылыс жұмыстарын жоспарлауда нақтылық керектігіне көңіл бөлді. Бұл бағытта басқарманың жоспарлау қызметі құрылымының жұмысын жүйелеуді тапсырды.