АУДАНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

11

Жуырда аудандық Мә­дениет сарайында Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәс­лихат депутаттары, про­ку­ратура және сот қызметкерлері, ішкі істер органдары мен мем­лекеттік қызметшілер, БАҚ өкіл­дері қатысты.

Жиынға келген қонақтар алдымен  аудандық орталық кітап­хананың «Ата Заңым-айбарым» атты кітап көрмесін тамашалады.

Мұнан соң мерекелік жиын­ның ашылуында Мемле­кеттік Әнұранымыз орындалып, көп­шілік ерекше тебіреніспен қо­сыла шырқады.

Шара барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұр­ғын­дарды айтулы мерекемен құт­тықтап, ел бірлігі мен тәуел­сіз­дігін сақтауға қызмет етіп жүр­ген азаматтарға шынайы ал­ғысын айтты.

Аудан басшысы өз сөзінде: Сіз­дерді еліміздің Ата заңы – Қа­зақстан Республикасының Конс­титуциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел дамуының басты бағдаршамы­на айналған Конституциямыз­дың қабылданғанына биыл 29 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік — саяси дамуын жеделдеткен конс­титуциялық реформаларға сәйкес мем­лекеттік биліктің бір тұтқасы болып халықаралық деңгейге көтерілді. Осынау қол жеткен жетістіктерді баянды ете отырып, оны ары қарай жалғастыру елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың абыройлы борышы екендігі даусыз. Ата Заңымыз асқақтап, абыройлы болса, елдің мәртебесі биіктеп, халық аңса­ған арманына жетеді. Барлық отырарлықтарды Конституция күнімен шын жүректен құт­тықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға аман­дық, егемен еліміздің жар­қын болашағы жолындағы қыз­меттеріңізге табыстар ті­леймін»,-деді.

Салтанатты жиында аудан­дық мәслихат депутаты Нұржан Орынбасар көпшілікті айбынды еліміздің айтулы мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бе­кемдеп, экономикамызды ны­ғайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналған Ата Заңымызды әрбір азамат құрметтеуге міндетті екенін атап өтті.

Шарада азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты ізденіспен жұмыс жасап, қо­ғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар облыс әкі­мінің және аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының «Алғыс хаттарымен» марапат­талды.

Мерекелік шарада аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бөрібеков Медет Құралұлы баяндама жасап, өз баяндамасында Конституция — заң үстемдігінің берік орнап, қоғамның ілгері дамуына қызмет ететін айрықша құжат екеніне арнайы тоқталды.

Ата заңның қасиеті мен ма­ңыз­дылығы дәріптелген сала­танатты іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұла­сып, аудан өнерпаздары отан­шылдық тақырыбындағы пат­риоттық әндерді нақышына кел­тіре орындады.