Шымкент: Еңбекші ауданында жылыту маусымына дайындық басталды

682

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Осыған орай бүгін аудан әкімі Д. Есілбек көпқабатты тұрғын үйлердің 2021-2022 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.

Аудан аумағында 630 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 530 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Жылыту маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе іс-шара бекітіліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 530 үйдің 201-не сығымдау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудан аумағында қызмет көрсететін сервистік компаниялар тұрғындармен тұрғын үйдің инженерлік жүйелерін 2021-2022ж.ж. қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 289 келісім-шарт түзілді.

Аудан тұрғындарынан қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қызмет көрсететін сервистік компаниялармен келісім-шарт түзіп, қажетті жұмыстарды жүргізуді сұраймыз.