ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА 6,6 МИЛЛИОН ДАНА ЕКПЕ ЕГІЛЕДІ

27

Соңғы жылдары елімізде адамдар арасында Сібір жарасы ауруы тіркелуде. 2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін аталған сырқат бойынша күдікті 35 жағдай тіркеліп, 14-нің диагноздары расталған. Бұл туралы өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.

«Сібір жарасы – қауіпті әрі жұқпалы ауру. Адамға жануарлардан адамға жұғады, ал адамнан адамға жұқпайды. Өздеріңізге белгілі, облыс халқының 70 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Оның ішінде ауыл тұрғындарының басым көпшілігі мал ұстайды. Жара — жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім жасағанда, ауру малдың етін қолданғанда жұғады»-деді спикер.

Сонымен қатар, брифингте өңірдегі ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Мұхтарұлы аймақтағы Сібір жарасының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан екпе жұмыстары туралы мәлімдеді.

«Биылғы жылы ауыл шаруашылығы жануарларына Сібір жарасы ауруына қарсы 6,6 миллион дана екпе салу жоспарланған. Қазіргі таңда 9 ай қорытындысымен 5 498 000 екпе егілді. Сібір жарасының көмінділері бойынша 1948-2023 жылдары аралығында 394 қолайсыз ошақ тіркеліп, оның 326-сы анықталған. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 50 метрлік радиуста 310 ошақ арнайы ертінділермен залалсыздандырылды»-деп баяндады спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет