МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

98

Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді.

  • Шаңырағымыздың шаттығы балалар. Олардың ертеңгі күні патриотшыл болып өсу үшін, саяси шешімдерге белсенді түрде қатыстыруымыз керек. Бүгінгі референдумға бір отбасыдан 11 адам келіп тұрмыз. Барлығымыз өз таңдауымызды жасадық,-дейді Анарбай Сыздықов.
    Сондай-ақ, 18 жасқа жаңа толған бұл отбасының мүшесі Аружан Ерланқызы алғаш рет сайлауға қатысып жатқандығын айтты.
  • Еліміз үшін маңызды шешім қабылдауға үн қоса алатыным үшін қуаныштымын. Жақында ғана 18 жасқа толдым. Референдумға келген әрбір тұрғынға алғыс білдіремін. Олар ең маңызды оқиғаға куә болуда,-дейді Аружан Ерланқызы.