КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМАСЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

7

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы болып өтті. Жиынды мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІI «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, дауысқа салынды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Күн тәртібіндегі мәселе аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда депуттаттардың бірауыздан қолдауымен тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғысын айтып, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.